Пробация есебіндегі сотталғандар мекенжайларынан тексерілді

Арал аудандық пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімі ағымдағы жылдың 26-30 қыркүйек аралығында бірлескен «Қадағалау» профилактикалық іс-шарасын өткізді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың қайтадан құқықбұзушылық жасамауының алдын алу, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету және түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Тексеру барысында олардың міндеттері мен құқықтары түсіндіріліп,әлеуметтік жағдайы, жұмысқа орналасуы, құқықбұзушылықтарға қайта бармау жөнінде профилактикалық сұхбаттар жүргізілді.
Қазіргі таңда Арал аудандық пробация қызметінің есебінде 60-тан астам азамат есепте тұр.Есептегі тұлғалармен олардың құқықбұзушылықтарға жол бермеуіне, құқықтық санасын арттыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал ету бағытында ұдайы жұмыстар жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сот жүктеген міндеттерді орындамаған 7 азамат түзеу мекемесіне жіберілді. Жыл басынан 26 азаматты жұмысқа орналастырдық. Алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады, -деді әділет капитаны Ерболат Жарасов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Мейірімділік күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Мейірімділік...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиада аясында шағын футболдан турнир өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Орташа қауіпсіздік мекемесінде Ұлттық домбыра күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Цемент кентіндегі бөлімшесі Абай...