Спорт – денсаулық кепілі тақырыбында сотталғандар арасында сайыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті.

Спорт әрбір адамзат баласына тигізер пайдасы мол. Осы орайда тәрбие бөлімінің жасақ бастығы сотталғандарды алдымен сапқа тұрғызып, ҚР мемлекеттік әнұранын шырқатты. Мекеменің тәрбие бөлімі ұйымдастырған бұл спорттық іс- шараға Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Оңталап пен Ғ.Мәмедкәрім келіп, төрағалық етті.

Шараға қатысушылар үшін ойын үш бөліктен құралды. Ең алдымен «гір тасын » көтеруден бақ сынасты. Кейін үш топқа бөлініп арқан тартысып, екі адамнан бірлесіп қол күресті. Сонымен қатар, шахматтан бақталасты. Енді бірі өздерінің күшін сынау мақсатында турникке тартылып жеңістің туын қанжығасына байлады. Жеңіске жеткен үш сотталған азаматқа арнайы марапат грамотасы және кубок пен медальдар беріліп, шара соңы топқа бөлініп футбол ойынын ойнау мен аяқталды.

Мекемемізде шаруашылық жұмысқа қалдырылған сотталған азаматтар арасында спорттық сайысты жиі ұйымдастырып тұрамыз. олардың спортқа деген махаббаттарын жандандырып, және де денсаулыққа пайдасын тигізетін спорт түрлерін қарастырған болатынбыз. Нәтижесінде үш жазасы өтеуші азамат жеңіс иелері атанды. Мұндай шараларда өздерін көрсетіп, белсене атсалысып, мақтау қағазын алу олар үшін пайдасы мол. Себебі, сот барысында олардың тәртіптеріне, белсенділіктеріне қарай үкім шығып, мерзімінен бұрын босатылады немесе жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Ең бастысы еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деп сөзін аяқтады, — АКАӘПТЖББ-нің жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Р.Әлмахан.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...