Күдікті зат табылғаны туралы хабарлаған қазақстандықтарға қандай қауіп бар?

Ішкі істер министрлігі қоғамдық орындардан табылған күдікті заттар туралы хабарлаған қазақстандықтарға қандай қауіп бар деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, адамдардың күдікті мінез-құлқы туралы дерек немесе қоғамдық орындарда табылған күдікті заттар туралы хабарлағаны үшін жауапкершілік жоқ.

«Бұл ақпарат жалған емес, өйткені өтініш беруші белгілі бір жерде орналасқан затты тапқанын хабарлады. Барлық осындай деректер бойынша полиция кезекші нарядты, инспекторларды, қызметтік-іздестіру иттері бар кинологтарды және жарылыс-техникалық топты жібереді. Аталған қызметкерлер заттарды тексереді және олардың иелерін белгілейді», — деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. 2023 жылы полиция осындай 420 жағдайды тіркеді. Биылғы 8 айда төтенше жағдайлар қызметіне 320 хабарлама түскен. Өз кезегінде қоғамдық орындардан табылған күдікті заттар бойынша статистика жүргізілмейді.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.