12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Кәсіпкер әуежайдың жаңа терминалынан ақша айырбастау пунктін ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында жеке кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шектен тыс араласуынан бас тартуға басымдық берді. Демек, еліміз кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау керектігін әлдеқашан түсініп, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдері ісіне мүмкіндік беруді құп көреді.


Осы тұрғыда сонау 1995 жылы алғаш рет Алматы әуежайында айырбастау пунктін ашып, кәсібін дөңгелеткен Айнұр Рахимова бұл істің қыр-сырын әбден меңгерген. Бүгінде оның еліміздің ірі қалаларындағы әуежайларда жемісті жұмыс істеп тұрған «Yes exchange» ақша айырбастау пункттері қызмет көрсету сапасы жағынан көш ілгері. 60-тан астам адамға жұмыс көзін тауып берген кәсіпкер бүгін Алматы қаласындағы Халықаралық әуежайдың жаңа терминалының бірінші және екінші қабатынан кезекті ақша айырбастау пунктін ашып, салтанатты түрде тұсауын кесті. Үздіксіз жұмыс істейтін «Yes exchange» ақша айырбастау пунктінің артықшылығы сол, мұнда 40 шақты елдің валютасы бар және кез келген уақытта керекті сомаға алдын ала брон жасай аласыз. Қысқасы, Қазақстан қай мемлекетке рейс ашса, сол елдің валютасы осы ақша айырбастау пунктінен табылады.
«Yes exchange» компаниясының бас директоры Айнұр Рахимованың айтуынша, бұл пункт әуежайда орналасқандықтан ақшасын айырбастағысы келетіндер міндетті түрде бас сұқпай кетпейді.

«Адамдар ұшып келеді, ұшып кетеді. Әсіресе, елімізге ат басын бұрған шетелдік азаматтың әуелі іздейтіні – ақша айырбастау орны. Алматының қақпасы ақша айырбастау пунктінен басталады деп есептейміз. Әрине, шетелдіктер, қазақстандық азаматтар көбінесе АҚШ доллары, еуро, ресей рублі мен қытай юанін айырбастайды. Сондай-ақ, арабтың дирхамы мен түріктің лирасын да біздің ақша айырбастау пунктінен таба алады. Сондықтан біз алдымен қызмет көрсету сапасына аса мән береміз. Бәріміз үшін шетелдік туристің Қазақстан туралы жақсы пікір қалыптастырғаны маңызды. Біздің пункттер әзірге тек әуежайларда ғана бар. Бұдан былай қала ішінде де ашуды жоспарлап отырмыз», – дейді кәсіпкер Айнұр Мейрамханқызы.


Осы саланың басы-қасында жүрген кәсіпкерден валюта бағамы қандай себептерге байланысты өзгеріп тұратынын сұрадық. Айнұр Рахимованың айтуынша, төл теңгеміз әлсіресе де, өз құнын төмендеткен емес.

«Себебі, бұл – нарық. Әлем бойынша валюта бағамы құбылып тұрады. Бұған көрші елдердегі қақтығыс, мұнай мен алтынның бағасы да әсер етеді. Осындай себеппен АҚШ доллары нығайып келеді. Біз қазір 40 мемлекеттің қаржы нарығымен жұмыс істеп жатырмыз. Солармен салыстырғанда Қазақстан орта позицияны ұстап тұр», – деген пікірін білдірді.


Ақша айырбастау пунктін ашудың да, жұмысын жүргізудің де өз машақаты бар көрінеді. Бұл тұрғыда кәсіпкер Айнұр Рахимова:

«Әр бизнесті жай ғана басқарып қоймай, үнемі дамытып отыру керек. Яғни, ауқымды масштабқа шығару – басты стратегия. Ал қиындығына келсем, кейде валюта түрі бітіп, таппай қаламыз. Әсіресе, доллар девальвацияға ұшырағанда жұрт бізді алдын ала біледі деп ойлайды. Жоқ, біз де білмейміз. Сондықтан жұмысымызда көбінесе тәуекелге бел буамыз. Жалпы, кәсіп жүргізгенде бірде ұтасың, бірде ұтыласың ғой. Бірақ мұның бәрін адамның ішкі күйі мен сенімі көтеруі тиіс», – деп түсіндірді.


Бұл «Yes exchange» компаниясының Алматы қаласындағы алтыншы ақша айырбастау орны. Мұнда күніне кемінде 150-ден астам адам ақшасын айырбастайды. Бұдан өзге Астана, Ақтау, Ақтөбе қаласында да жұмыс істейді. Ал жыл соңына дейін тағы бес пункт ашу жоспарланған.

Әйелдер түзеу мекемесінде жұмыс кеңесі өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 79 мекемесінде сотталғандардың...

«Встреча у ворот»

Социальный проект «Встреча у ворот» проведен в колонии №21...

«Қақпа алдындағы кездесу»

Абай облысындағы Қылмыстық атқару жүйесінің №21 мекемесінде «Қақпа алдындағы...

Правонарушитель своим трудом заглаживает ущерб, нанесенный им обществу

Общественные работы — это наказание, при котором человек имеет...

Құқық бұзушы өзінің еңбегімен қоғамға келтірген залалды түзетеді

Қоғамдық жұмыстар - бұл адамның өз жұмысын, отбасын, әдеттегі...