Бүгін ауа райы қандай болады?

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Республиканың батысында және орталығында антициклон әлі де ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды.

ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус аяз сақталады.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорданың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе қаласының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.