Қазақстандық балуан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Испанияның Понтеведра қаласында өткен әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақта еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Камил Куруглиев үшінші болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, еркін күресші әлем чемпионатында жартылай финалға шығып, ресейлік Мұстафагаджи Малачдибировтен жеңіліп қалды.

Нәтижесінде қазақстандық спортшы қола жүлде үшін күресті. Оған ирандық Амирреза Далири қарсы шықты. Куруглиев 8:5 есебімен жеңіске жетіп, қола жүлдегер атанды.

8 қыркүйек, жексенбіде сынға түскен қазақстандық Әбдінұр Нұрланбек (61 келіге дейін) үшінші орын үшін белдесуде Бхуванештен (Үндістан) жеңіліп, бесінші болды.

Бұған дейін Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) әлем чемпионы атанған болатын.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.