Қазақстандықтан тәркіленген 10 миллион доллар қайда аударылады?

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті жақында қазақстандықтардың бірінен тәркіленген миллиондаған доллар қайда бағытталатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша, сот шешіміне сәйкес мемлекетке 404 миллион теңге болатын қымбат әшекейлер түріндегі активтер, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қорға аударылған 4,9 миллиард теңге қолма-қол ақша қайтарылған.

Бастапқыда Бас прокуратура қазақстандық азамат өзімен байланысты адамдар арқылы шығу тегі белгісіз 10 миллион долларға иелік еткенін хабарлады. Одан қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар мен тарихи-мәдени мұра заттары тәркіленді, олардың тамыры, мамандардың пікірінше, сақ дәуірінен басталады.

10 миллион доллар қазіргі бағаммен 4,8 миллиард теңге. Қалған сома көрсетілген материалдық құндылықтардың құны болуы мүмкін. Редакцияға олар туралы толығырақ ақпарат берілмеді.

«Зергерлік бұйымдар түріндегі активтер басқарушы компанияның балансына берілді. Басқарушы компанияның активтерді зергерлік бұйымдар түрінде өткізуінен алынған ақша Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Комитеттің қарамағына келіп түскен мәліметтердің мазмұны (оның ішінде қайтарылған мүліктің фотосуреттері) таратылуы шектеулі ақпаратқа жатқызылған», — деп хабарлады Комитет.

Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң бойынша басқарушы компанияның мақсаттары: Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, олардың сақталуын қамтамасыз ету, сату болып табылады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Олжас Бектенов Премьер-министр лауазымына тағайындалды 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі лауазымына тағайындалды.

Құрылтай Ерлан Кариннің Вице-президент қызметіне кандидатурасын мақұлдады 

Құрылтайдың жалпы отырысында Ерлан Қариннің кандидатурасын Құрылтайдың 141 депутаты...

ІІМ жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздік шараларын күшейтті 

7 мыңнан астам мектеп полицияның жедел басқару жүйесіне қосылған.