Полиция бүкіл Қазақстан бойынша күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйекте мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды.

«ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді. Қызметкерлер құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған.

ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады», — делінген хабарламада.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.

Рамазан-2026: Айт намазының кестесі жарияланды 

ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады.

Мұнай 120 долларға қымбаттаса, Қазақстан қанша табады? – Ұлттық банк жауап берді 

Әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі Қазақстан экономикасына, әсіресе Ұлттық қорға түсетін түсімдерге тікелей әсер ететіні белгілі.

Астана мен Алатау қаласының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітіледі 

Үкімет жаңа Конституция негізінде аумақтық басқару жүйесін реформалауға кірісті.

Наурыз мейрамында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Көктемнің алғашқы айы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күтеді.