Елордалық колонияда кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өткізілді

2024 жылғы 3 қыркүйекте «Пилоттық жоба» жоспарының тармақтарын орындау мақсатында «Енбек-Аршалы» РМК аумақтарында сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бойынша Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесімен Ақмола облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен шағын және орта бизнес субъектілеріне «Ашық есік күні» ісшарасы өткізілді.
Өткізілген ісшараның басты мақсаты мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды максималды жұмыспен қамту үшін кіші және орта бизнес субъектілерін шақыру және бірлесіп жұмыс атқару болып табылады. Ісшараға ЖК «ҚорҒау», ЖШС «Geo Service Company » өкілдері қатысты. Жеке кәсіпкерлердің назарына бос өндірістік цехтар көрсетілді. Мекеме аумағындағы өндірістерді дамыту қосымша жұмыс орындарын ашу мүмкіндіктерін береді.
«Бүгінгі таңда мекеменің маңызды мақсаты «Еңбек-Аршалы» филиалындағы өндірістік қуаттылықты арттырып, сотталғандарды ақылы еңбекпен қамтамасыз ету үшін бизнес өкілдерімен мекеме аумағында кәсіпорындарды ашу болып табылады» — деп, №2 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Калдыбаев Самат атап өтті.

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...