15 қыркүйектен бастап карантин және вакцинация енгізілетіні рас па?

ҚР ДСМ Санитарлық-эпедемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желідегі 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізілетіні туралы ақпараттың анық-қанығын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеу енгізіліп, бетперде тағу режимі міндеттелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. 

Алайда ведомство 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталатынын айтты. 

«ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер міндетін атқарушының  эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес осы жылы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі. Ал коронавирус инфекциясының жағдайы бақылануда. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді», — делінген  хабарламада. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін көтерді 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.