Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды

Ұлттық статистика бюросында 1 тамыздағы Қазақстан халқының саны айтылды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, осы күні Қазақстанда 20 182 003 адам болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басында Қазақстанда 20 033 842 адам тұрған. Осылайша, сегіз айда қазақстандықтардың саны 148 мыңнан аса адамға артты.

Еліміздің ең тығыз қоныстанған өңірлері бестігіне Алматы (2 264 499 адам), Түркістан облысы (2 151 923 адам), Алматы облысы (1 547 228 адам), Астана (1 481 402 адам) және Шымкент (1 241 809 адам) кіреді.

Сондай-ақ, Жамбыл (1 223 625 адам) және Қарағанды (1 134 588 адам) облыстарында миллионнан аса адам тұрады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 656 167 адам) қалаларда тұрады. Қалған 7 525 836 отандасымыз ауылдық жерлердің тұрғындары.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.