Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың маңыздылығы туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз».

Президенттің айтуынша, адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек.

«Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.

Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі».

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...