12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ЖОЛЫН КЕСЕДІ

Жыл өткен сайын елімізде деструктивті діни ағымдардың қатары көбейіп барады. Аталған діни ағымдардың елдің көнеден келе жатқан ата дәстүрі мен салтына, діні мен рухани дүниесіне, ата-ананың тәлім-тәрбиесіне, сонымен қатар заманауи медицина мен ғылым-білімге қарсылықтарын білдіріп жатқаны қоғам өміріне елеулі кері ықпалын тигізіп отырғаны шындық. Әсіресе, оң-солын танып үлгермеген жастардың сол діни ағымдардың шырмауына ілініп кетіп жатқаны алаңдатады. Сондықтан бұл орайда мемлекет тарапынан халықтың құқықтық әрі діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы жүйелі түрде іс-қимыл жүргізудің маңыздылығы аса жоғары. Ақмола облысында да құзырлы мемлекеттік органдар дәстүрлі дін өкілдері және қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп аталған бағытта жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.

Жастарды теріс ағымдар ықпалынан қорғау күн тәртібінде Аумақтағы діни ахуалға облыстық дін істері басқармасы тарапынан тұрақты түрде мониторинг пен талдаулар жүргізіледі. Бұл қызмет ең алдымен 2023-2025 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесін дамытудың кешенді жоспарын, сондай-ақ мемлекеттің 2024-2026 жылдарға арналған кәмелет жасына толмағандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасын және Қазақстан Республикасының АТО, облыс АТК хаттамалық шешімдерін орындау шеңберінде жүзеге асырылады. Ақмола облысының дін істері басқармасының мәліметінше, өңірде жоғарыда аталған міндеттерді тиісті түрде жүзеге асыруға облыстық арнайы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері барынша ықпал етеді. Қазіргі уақытқа дейін облыс аумағында 202 адамнан тұратын 24 топ әрекет етеді. Халыққа деструктивті діни ағымдар жайлы кеңірек түсіндіру жұмыстарын әсіресе жастар арасында көбірек өткізуге назар аударылады. – Тек осы жылдың басынан бері ғана облыстың әр түкпірінде ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерімен семинар, дәрістер, жеке әңгімелесулер сипатындағы 3 мыңнан астам шаралар ұйымдастырылып, оған жалпы саны 38 мыңнан астам адам қатысты. Оның ішінде негізінен жастарға көбірек назар аударылды. Облыс 12 мыңға жуық жастардың араласуымен 322 шара ұйымдастырды. Оған мектеп оқушыларынан бастап, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, сондай-ақ түрлі жұмыс орындарында істейтін жастар қатысты, – дейді Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов. Сапалы түсіндіру тығырықтан шығарады Ведомство ұсынған деректерге сенсек, облыста халық арасында діни қатынастар саласындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 5 мыңнан астам материал жарияланған. Дін істері басқармасының сайтында 84 түрлі ақпарат орналастырылған. Сала мамандарының айтуынша, діни сауаттылықты ашу әрі ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды негізінен кәмелет жасына толмаған балалар арасында жүргізуге ерекше назар аударылады. Өйткені, түрлі таңсық дүниелерге қызығушылық пен еліктеушіліктің АЙМАҚ салдары жастарды деструктивті діни ағымдар мен идеялардың ықпалына ұшыратып, сол ағымдардың жетегінде кетіп қалуы ықтимал. – Мәселен тек жыл басынан бері ғана облыстың әр аумағында 8 мыңға жуық мектеп оқушысының қатысуымен 238 шара жүзеге асырылды. Балаларға деструктивті діни ағымдардың қоғамға тигізетін кері ықпалы жайлы тереңірек түсіндіру жұмыстары өткізілді. Аталған жұмыстарды өткізу барысында облыстық дін істері басқармасының өкілдері облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік мүдделі органдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізгенін атап өткен жөн, – деп толықтырды басқарма басшысы Алмаз Мұқажанов. Басқарма мәліметінше 2024–2026 жылдарға арналған кәмелет жасына толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жол картасы шеңберінде жүйелі жұмысты жүзеге асыру үшін облыстық білім және дін істері басқармалары арасында 2024–2025 оқу жылына арналған бірлескен меморандум және жұмыс жоспары бекітілген. Жалпыға қатысты талап ортақ Облыста «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» мемлекеттік мекемесі діни саладағы жаңашылдықтарды түсіндіру бойынша көлемді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн. Жалпы, биылғы жылдың басынан бері барлығы 22650 адамды қамтитын 1842 профилактикалық іс-шара жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған меморандум аясындағы бекітілген кестеге сәйкес, осы жылдың маусым-шілде айларында ғана Ақмола облысының балаларды сауықтыру орталықтары мен жазғы лагерьлерінде, атап айтқанда Ақкөл ауданының «Рассвет», «Юность», Біржан сал ауданының «Linguacamp», Бурабай ауданының «Лесная сказка», «Звездный континент»; Зеренді ауданының «Сұңқар», Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданының «Чайка» балаларды сауықтыру орталықтарында 7 түрлі шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар, өткен оқу жылында Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінде мыңнан астам баланы қамтыған 10 психологиялық тренинг өткізілді, – дейді облыстық дін істері басқармасының маманы Еркін Сағитұлы. Басқарма басшылығы облыс орталығы – Көкшетау қаласында, Зеренді ауданында, сондай-ақ Елордаға іргелес орналасқан Қосшы қаласы мен Аршалы және Бұланды аудандарында мектеп оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен 12 түрлі шара ұйымдастырған. Аталған шаралар барысында Қазақстан Республикасының діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты, зайырлылық қағидаттарын сақтау, орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы ақпараттар берілген. – Мәселен, осы жылдың 2 мамырында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептері мен колледждерінің психологтарына «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында деструктивті діни ағымдардың әдептерімен жұмыс істеудің психологиялық аспектілері» тақырыбында кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша оқыту семинары өткізілді. Сондай-ақ 1 тамызда өңірлік білім басқармасымен бірлесіп облыстың білім бөлімдері мен жалпы білім беретін мектептер әкімшілігінің әдіскерлері үшін «Жасөспірімдердің экстремистік ұйымдарға түсуінің алдын алу әдістері», «Білім министрлігінің міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарын түсіндіру» тақырыптарында 100 адамды қамти отырып, онлайн форматта атаулы-профилактикалық іс-шара өткізілді. Діни қатынастар туралы шаралар интернет кеңістігінде де кеңінен жүзеге асырылып келеді, – дейді Ақмола облысы дін істері басқармасының басшысы. Діни ахуал бақылануда Бұл орайда басқарма жанынан ашылған «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығында» деструктивті белгілері бар және радикалды идеологияны насихаттайтын ақпараттық материалдарды анықтаумен айналысатын діни ортаны зерттеу, талдау және мониторингі бөлімі бар екенін атап өткен жөн. Аталған бөлім өңірдегі діни ахуалды бақылау мақсатында ғаламторда жұмыс істеу кезінде «Аналитикалық интернет-платформа» бағдарламасы арқылы деструктивті сайттарға қол қойылған адамдарды анықтауға, «Кибернадзор» бағдарламасымен деструктивті мазмұндағы материалдарды ал «Контр» бағдарламасымен материалдарды орналастыраалуы саладағы жұмысты жүйелендіруге мүмкіндік берген. Мәселен, тек жыл басынан бері ғана дін саласына қатысты 1054 заңсыз материалдар жоғарыда аталған бағдарламалардың көмегімен анықталған. Құзырлы бөліммен жинақталған барлық материалдар «Кибернадзор» республикалық жүйесіне енгізілген. Ведомство мәліметінше, одан әрі заңсыз материалдар ҚР МАМ ДІК-мен бұғатталады. Басқарма басшылығы халық арасында діни бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстарының әлеуметтік желілер арқылы да кең көлемде жүргізілетінін алға тартты. – Қазіргі таңда заман талабына сай әлеуметтік желілер де аса зор мәнге ие болғаны рас. Өйткені, халықтың басым бөлігі ақпаратты дәл осы әлеуметтік желілер арқылы алып жатады. Оның шынайылығы мен дұрыстығына назар аударып жатпайды. Сондықтан, желілер арқылы негізінен өңірдегі діни ахуалдың ерекшелігін ескеретін деструктивті діни ағымдарға қарсы насихаттық материалдар әзірленеді. Оларды ақпараттық хабар таратудың жаңа форматтарына бейімдеу бойынша шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, республикалық kazislam.kz, muftyat. kz, taunews.kz, tengrinews.kz сияқты медиакөздер арқылы да ақпараттық материалдар жарияланып тұрады. Негізгі іс-шаралар «Facebook», «TikTok», «Instagram» және т.б. әлеуметтік желілерінің беттерінде білім беру және профилактикалық сипаттағы мазмұнды жүзеге асыруға бағытталған. Жоғарыда айтылғандардан басқа, руханиадамгершілік дамуға бағытталған, дін және оның адам мен жалпы қоғам өміріндегі рөлі туралы сауатты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін материалдар орналастырылады, – дейді Алмаз Мұқажанов. Мектеп формасы қандай болуы керек? Ведомство, әсіресе, білім беру мекемелерінде деструктивті діни ағымдардың кеңінен таралып кетпеуін қатаң назарға алған. Аталған мақсатта басқарма жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту» орталығы Көкшетау қаласының жалпы білім беру орындарында «Мектепте орамал тағу», «Мектеп формасына қойылатын талаптары бар петиция» сияқты бейнероликтер көрсетілген іс-шаралар ұйымдастырған. Мұнымен қоса «Қазақстан» РТРК АҚ Ақмола филиалы телеарнасында 2024 жылғы «Мектеп формасының стандарттары туралы», «ДДА негізгі белгілері туралы», «Отбасылық құндылықтар туралы» бірнеше бейнеролик көрсетілген. Басқарма негізінен ақпараттық түсіндіру жұмыстарының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту» орталығының Facebook, Tik-Tok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары мен топтарында орналастырылатынын жеткізді. Аталған әлеуметтік желілерде жазылғандардың жалпы саны 16 мыңнан асып жығылған. Басқарма тарапынан «AMANAT EXPERT» қоғамдық қорының «Instagram» әлеуметтік желісінде 80-нен астам материал орналастырылды. Сондай-ақ 100 мың жазылушысы бар KAZISLAM Instagram-аккаунтында Құрбан айт тақырыбында 2 тікелей эфир өткізілді. Бұдан бөлек, интернет-кеңістікте ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау сипатындағы 5 бейнеролик дайындалып орналастырылды. Атап айтқанда, «Наурыз – діни мереке емес», «Методы коммуницирования радикалов», «Деньги для террора», «Талак – значит конец» және «Кто она – жертва радикальной вербовки?» деп аталатын бейнероликтер назарға ұсынылды. Бұл бейнематериалдар Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты дін істері комитетінің жоғары бағасына ие болғанын және еліміздің барлық өңірлеріне кеңінен таратуға жіберілгенін атап өткен жөн, – дейді басқарма басшысы Алмаз Мұқажанов. Осы жылдың шілде айында Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекетті дамытуда зайырлылық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету тақырыбында республикалық бейнероликтер байқауын өткізді. Байқау нәтижесінде Ақмола облысының бейнематериалдары республика бойынша үздіктер қатарынан көрініп, басқарма жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту» орталығы министрлік дипломымен марапатталған. Өңірде деструктивті діни ағымдардың ықпалына қарсы шаралар одан әрі де жүйелі түрде жүзеге асырылмақ.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

№75 мекемесінің жеке құрамы Халық қаһарманы Ғазиз Байтасов туралы фильмді тамашалады

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №75 мекемесінің жеке...

На принципах равенства

СЕМЕЙНЫЕ КОНФЛИКТЫ ПРОИСХОДЯТ МЕЖДУ ЧЛЕНАМИ СЕМЬИ. ОНИ ВОЗНИКАЮТ, КОГДА...

Пранк – это не шутка! 

Депутат Мажилиса Нартай Сарсенгалиев, обращаясь с запросом к министру...

Донести важные истины

В г. Шымкенте активизировалось межведомственное сотрудничество по работе, направленной...

Удобный цифровой сервис

Внедрение системы E-апостиль в Казахстане стало новым и важным...