12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституция күнін ҚАЖ Департаменті мен Абай облысы бойынша мекеме қызметкерлері атап өтті

Конституция күні мерекесіне орай, Абай облысы бойынша департаменті мен мекемелерде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Салтанатты жиналыс Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде өтті. Сондай-ақ бес қызметкер Ішкі істер министрінің бұйрығымен және 16 қызметкер Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығымен марапатталды.
Сондай-ақ, осы күні ҚАЖД-ның Абай облысы бойынша екі қызметкері еңбек сіңірген демалысына өткізілді, бұл штабтың бас маманы әділет подполковнигі Айгүл Майданқызы Садықова және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы әділет подполковнигі Руслан Саятбекұлы Камаржанов.
Мереке қарсаңында Семей қаласында «Абай жазған Қарамола Жарғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Абай облысы прокуратурасының қызметкерлері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, Әлихан Бөкейхан университетінің ғалымдары, Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және мәдениет қызметкерлері қатысты.
Абай облысының әйелдер колониясында 25-35 жас аралығындағы үш жас қызметкер ант қабылдау рәсімі өткізілді.
№ 19 мекеме қызметкерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ядролық полигон құрбандары мен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Біз бәріміз еліміздің өркендеуі мен болашағы үшін жауаптымыз. Әрбір азамат әділ қоғам құруға өз үлесін қосады. Мұны Күн сайын есте ұстаған жөн, — деп атап өтті ҚАЖД тәрбие және кадр саясаты бөлімінің бастығы Абай Райгүл Саугабаева.

Астана қаласының ҚАЖ ҚМДБ өкілдерімен кездесу ұйымдастырды

ҚМДБ Астана қаласының «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы Жусупов...

Победителем республиканского шахматного турнира стал сотрудник акмолинского ДУИС

Организатором республиканского онлайн турнира по шахматам выступил Комитет уголовно-исполнительной...

“Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны арқылы оңалту ”

БҚО-да Тергеу Изоляторында “Терроризм,экстремизм баптары бойынша сотталған тұлғаларға тума-туысы,ағайыны...

Мекеме заңгері сотталғандарға құқықтарын түсіндірді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам...

Түзеу мекемесінде сотталған азаматтар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік...