№ 64 мекемеде «Конституция күнін» өткізу

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеу қарсаңында 2024 жылғы 29 тамызда Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің № 64 мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Конституция күніне» арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара еліміздің әнұраны орындалуымен басталды. Бағдарламада вокалдық және поэтикалық нөмірлер ғана емес, Конституцияның тарихын білуге арналған викторина, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған  өлеңдері кірді.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларды мекеме бастығының орынбасары әділет капитаны Д.К.Ахметов «Конституция күнімен» құттықтады.

«Мұндай іс-шаралар сотталғандардың түзелуіне, олардың тәрбиеленуіне және еліміздің заңға бағынатын азаматтарының қоғамға оралуына оң ықпал етеді», — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары.

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...