Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің №14 мекемесінде «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы іске асырылуда.
Жүргізіліп жатқан есептер деректері бойынша жыл басынан қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінен 200-ге жуық сотталған ер азамат босатылып шықты. Олардың жартысынан көбісі жазаның жеңіл түріне ауыстырылуымен және мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты.
Мекеменің ҚАЖ қызметкерлерімен босатылған азаматтарға әлеуметтік жоба аясында туған туыстарымен және мансап орталығы өкілдерімен қақпа алдында кездесулері ұйымдастырылады.
Бұл жоба бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясы болып табылады.
Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған адамдарды әлеуметтендіру сотталғандар арасында қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге бағытталған негізгі жолдарының бірі.