«Пробация» республикалық-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Есепке алынған тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында пробация қызметі 15.08.2024 жылдан 22.08.2024 жылға дейінгі кезеңде «Пробация» республикалық- профилактикалық іс-шарасы» өтуде.

Іс-шараны өткізу шеңберінде пробация қызметінің жеке құрамы Абай облысы ПД Семей қ. ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ УПИ-мен бірлесіп Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметінің барлық аумағында тұратын бас бостандығынан айырусыз жазаға сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тексерулер жүргізеді.

Тексеру барысында сотталғандармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізіледі, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттары қайта түсіндіріледі. Инспекторлар сотталғандардың тұрғын үй – тұрмыстық жағдайларын және олардың өмір сүру деңгейін егжей-тегжейлі зерделейді. Сондай-ақ, сотталушылардың жақын туыстары мен көршілері олардың мінез-құлқына әсер етіп, түзетуге ықпал етуі мүмкін.

Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың анықталған фактілері бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыларға қатысты Абай облысы Семей қаласының №2 сотына тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдар жіберілетін болады.

«Тәжірибе көрсеткендей, тек арнайы шаралар белгілі бір дәрежеде кез келген құқық бұзушылық жасауға байланысты теріс процестерге әсер етуге мүмкіндік береді. Осындай шаралардың бірі жыл сайын жедел — алдын алу іс-шараларын өткізу болып табылады», деп бөлім бастығы әділет майоры Ерлан Кадырманов атап өтті.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...