Алматы облысында 200-ге жуық сотталған қоғамдық жұмыстарды орындады

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің деректері бойынша жыл басынан бері қоғамдық жұмыстарға 200-ге жуық сотталған пробация қызметтерінің есебінен өтті.

Қоғамдық жұмыстар — қылмыстық жазаның бір түрі. Жазаның осы түрінің орындалуын бақылауды аймақтық пробация қызметі жүзеге асырады. Қоғамдық жұмыстар сотталғандардың қоғамдық орындарда жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады.

Алматы мен Жетісу облыстары бойынша 150-ге жуық сотталған сот тағайындаған қоғамдық жұмыстарды аяқтады. Қалғандары қазіргі уақытта сотпен жүктелген жазаларды орындауда.

Сонымен қатар, жыл басынан бастап үш сотталғанға қатысты сот тағайындаған жұмыстарды орындаудан жалтарғаны үшін қоғамдық жұмыстар қамауға алынуға ауыстырылды.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...