Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік бақылау мен статистика, халықты қорғау жүйесін жетілдіру, деректерді басқару, заңды тұлғаларды тіркеу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 05 шілдегі 2024 жылғы №115 Қазақстан Республикасы Заңымен «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына біршама өзгерістер енгізілген.
Өзгерістерге сәйкес, Заңның негізгі міндеттері коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру, негізгі қағидаттары заңдылық, баршаның заң алдындағы теңдігі, жариялылық болып табылады.
Заңды тұлғаларды тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттарына енгізілген өзгерістер 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген.
Аталған Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылатын болады.
Осылайша, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеудің хабарлама тәртібі, тіркеу тәртібімен ауыстырылады.
Яғни, шағын кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға «кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы басталғаны туралы хабарлама» берудін орнына «заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы өтініш» береді.
Сонымен қатар, егер құрылтайшы – шетелдік заңды тұлғаның тіркеу үшін сондай-ақ, мемлекеттік қайта тіркеу үшін егер қатысушылар құрамына шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға кірсе, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшы паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттың, сондай-ақ «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында коммерциялық ұйымды тіркеу құқығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынады.
Аталған талаптар сақталмаған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға негіз болады.
Осылайша, құрылтайшы шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесінің немесе басқа да заңдастырылған құжаттың көшірмелерін ұсынбауы мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Сондай-ақ, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу электрондық өтініш берілген кезден бастап бір сағат ішінде жүргізілетін болса өзгерістерге сәйкес, бір сағат тіркеу мерзімі бір жұмыс күніне ауыстырылалы.
Одан бөлек, Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар егер байланыс ақпараты (телефоны, электрондық мекенжайы) өзгерген кезде енгізілетін болады.
Осы Заңның 2024 жылдың 22 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Заңды тұлғаларды тіркеу саласын реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері, қағидаттарынан басқа бөліктері 2025 жылдың қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу
және тіркеу қызметі саласындағы
бақылау бөлімінің бас маманы
М.Халилова


