12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сауранда 3 сотталғанға ескерту берілді

Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД Сауран аудандық пробация қызметі және Полиция бөлімі инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан көне ауданда мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.

Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың 15-22 тамыз аралығында «Пробация» атты ЖПІШ өткізіліп жатқандығына байланысты Түркістан облысы Сауран аудандық Пробация қызметі бөлімі есебінде тұратын сотталғандардың тұрғылықты мекен жайларынан Түркістан облысы Сауран аудандық Полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде толыққанды тексеру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 3 сотталғанға ҚР ӘҚБтК нің 492-бабының 2- бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Сауран аудандық пробация қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет капитаны Абылай Тлеулиев.

Пробация қызметінің әділет капитанының сөзіне қарағанда бір күнде 25 сотталғанның жұмыс орыныны мен мекенжайына барып тексерген. Осындай тексеру барысында 3 сотталғанның құқық бұзғаны анықталып, оларға әкімшілік жаза тағайындалды. Тексеру барысында аталған 3 бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны анықталды. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі.

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...