12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістанда “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды

Дүниежүзілік Көшпенділер Ойынын қолдау мақсатында Түркістанда ерекше шара өтті. Бүгін түркі халықтарының рухани астанасында “Тоғызқұмалақ аллеясы” ашылды. Оның ашылу салтанатына Түркістан жұртшылығы, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ұлттық зияткерлік ойынының жанашырлары келді.

Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің жанында орналасқан саяжол Түркістан тумасы, тоғызқұмалақ жанашыры, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Раманқұлов Мақсаттың қалаға тартуы. Өз қаражатына тиісті абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, аллеяға бағалы тастан қашап жасалған тоғызқұмалақ тақтасын орналастырып, сыйға тартты.

Шараның ашылуына белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Дүниежүзілік және Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Байменов арнайы келіп, Түркістан жұртшылығына өз құттықтауы мен жылы лебізін арнады.

“Енді бұл жер қала тұрғындары мен қонақтардың және туристердің зияткерлік ойынмен танысып, уақытты көңілді өткізетін жерлердің бірі болады деп ойлаймын. Бұл менің бұрыннан ойымда жүрген арманымның бірі еді. Бастамаға қолдау білдірген Түркістан облысы басшыларына және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Алихан Мұхамедияұлына алғысымды білдіремін. Бұл бастамаға киелі қаланың жұртшылығы да, қонақтары да қуанады деген үміттемін. Дүниежүзілік көшпенділері ойыны жақындап келеді. Соның аясында, тоғызқұмалақты насихаттау мақсатында қол алынған “Тоғызқұмалақ аллеясы” шаһарға көрік беретін, көпшілікті қызықтыратын әдемі бір мекен болады деп сенемін”,-дейді Дүниезүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті, қоғам қайраткері, кәсіпкер Мақсат Раманқұлов.

Айта кетейік, биыл қыркүйектің 8-13 аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны жалауын көтереді. Оған әлемнің 50-ден астам мемлекетінен тоғызқұмалақтан сайысқа түсу үшін ойыншылар келеді.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....