«ҰСТАЗДЫҚ – ЖҮРЕКТІҢ ҚАЛАУЫ»

Жоғары біліктілік санаты бар ұстаз, педагог-зерттеуші, еңбек ардагері және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті көпсалалы колледжінің орыс тілі оқытушысы Құралай Большина 40 жыл өмірін білім саласына арнапты. Ол өзінің еңбек жолын қарапайым орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған, бүгінгі күнде тәжірибелі зерттеуші-оқытушы.

Құралай Ильясқызы өзінің үздіксіз еңбек жолында бірқатар жетістікке жетті, биікке көтерілді. Университет ректорының, облыстық білім басқармасының, Білім министрлігінің грамоталары, Ш. Уәлиханов атындағы ҚМУ мерейтойлық медалі осы сөзіміздің дәлелі. Оған «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының облыстық кезеңінде иеленген бірінші орнын қосыңыз. «Үздік маман» республикалық байқауынан да кейіпкеріміз құр қайтпады. «Арнайы пәндер оқытушысы» номинациясында көш бастап, жеңіске жетті.Құралай Ілиясқызы бізге гаджеттерде отырған жастарға қатысты көзқарасын айтты, студенттерді қалай ынталандыру керектігін, оқытушы қандай болу керектігін және басқа да қызықты тақырыптарды, өмір жолын, еңбек барысындағы қиындықтарымен бөлісті.

АТА-АНАМ МАҒАН ЛАЙЫҚТЫ БІЛІМ БЕРУГЕ ТЫРЫСТЫ

– Мен Омбы облысында 1962 жылы дүниеге келдім. Менің әкем бір кездері Алматы зооветеринарлық институтын бітіріп, совхозда бас зоотехник болып жұмыс істеген. Анамның балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-түс келіпті. Сондықтан, өкінішке қарай, ол кісі толық білім ала алмады және қарапайым жұмысшы болды, бірақ өте дарынды адам болатын: ән айтты, өлең жазды, бес саусағынан өнері тамған тігінші де еді. Біздің ата-анамыз білімді адамдар өмірде көп нәрсеге қол жеткізе алатынымды түсінгендіктен, маған лайықты білім беруге тырысты, отбасында 6 бауырдың үшеуі мұғалім болдық. Менің білім саласында жұмыс істегеніме 40 жыл болды. Оның ішінде Петропавл педагогикалық институтын бітіргеннен кейінгі алғашқы 10 жылда орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 20 жылға жуық – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің жалпы тіл білімі кафедрасында (кейінірек-орыс филологиясы) оқытушы болдым. Ал қазір Ш. Уәлиханов атындағы ҚМУ жанындағы көпсалалы колледжде арнайы пәндерді жүргізіп келе жатқаныма да он жыл толды.

ӘР БАЛА ӨЗІНШЕ БІР ЖЕКЕ ӘЛЕМ

– Білесіз бе, бір кездері Кеңес одағы «ең көп оқитын ел» саналды. Бұл рас еді. Қазір уақыт басқаша, бірақ жаман деп айтуға болмайды. Тек заман өзгерді. Жаңа технологиялардың, гаджеттердің және басқалардың дамуымен өмір қарқыны, ағысы мен бағыты да өзгерді. Біздің жастар ештеңе оқымайды деп айта алмаймын. Олар өзіне керек дүниенің, қызыққан әдебиеттердің бәрін онлайн форматта оқиды. Мұнда тағы бір маңызды нәрсе: олар нақты не оқиды, құндылықтары қандай? Біздің осы сауалдарға тереңірек үңілгеніміз маңызды. Бұл үшін мұғалімдер де, ата-аналар да, қоғам да жан жақты жұмыс істеуі керек. Мен үшін «ең жақсы» немесе «ең нашар» студент деген ұғым жоқ. Олардың әрқайсысы жеке әлем, жеке тұлға. Олардың біреуі материалды тезірек қабылдай алады, ал кейбіреуіне бұл үшін көбірек уақыт қажет болады. Ең бастысы – оқуға, білім алуға және жаңа мүмкіндіктерге деген ұмтылыс бар. Студенттің оқуға деген ынтасы болуы үшін оқыту әдістемесін қайта қарау керек. Білім саласы мен жеке ұстаздарға қазір бір орнында тұралап жатпай, үнемі шығармашылық ізденісте болу қажет деп есептеймін.

ЖАСТАРДЫҢ ПІКІРІН ҚҰРМЕТТЕУІМІЗ КЕРЕК

Мұғалім студентпен келіспесе де, оның пікірі мен көзқарасын құрметтеуі керек. Сабақта ынтымақтастық атмосферасын құруға тырысқан жөн. Бірақ бұл түбегейлі еркіндікке жол беру керек дегенді білдірмейді. Барлығында өлшем бар. Иә, қазіргі оқып жатқандары күрделі пәндер. Олар баланың, жас буынды тәрбиелеуге, оның өмірге, айналасында болып жатқанның бәріне деген көзқарасын қалыптастыруға арналған. Бұл өте ұзақ және ауыр жұмыс. Егер сіз студенттерді және сіздің жұмысыңызды шынымен жақсы көретін болсаңыз ғана білім беру саласында қызмет етуге болады. Өзім оқуды бұрын бітіріп кеткен түлектерден құттықтау хаттар, хабарламалар алған кезде бір жасап қаламын. Мен педагогикалық этиканы сақтауға тырысамын, студенттеріммен немесе әріптестеріммен болсын әрдайым қарапайым, сыпайы қарым қатынастамын. Ең бастысы – оларды сыйлап, пікірлеріне құлақ асамын. Кез келген жұмыста қиындықтар бар. КСРО ыдыраған соң 90-шы жылдары шынымен қиын болды. Ол кезде біз бәріміз өз проблемаларымызбен жалғыз қалдық. Ал қазір бәрі өзгерді, заман жақсарып келеді. Білім беру саласына мемлекет тарапынан орасан зор қолдау көрсетілуде. Әсіресе, біз Педагог мәртебесі туралы заң қабылдағаннан кейін мемлекеттің қолдауын сезіндік. Басқа салаға кету туралы ой әр адамда анда-санда болатын шығар, бірақ, мен өз жұмысымды жақсы көремін, әріптестерім мен студенттерімді сыйлаймын, олармен мен бір орында тұрмай бірге дамып, өсемін. Бұл өте қызықты.

ЕҢ МАҢЫЗДЫ МАРАПАТ СТУДЕНТТЕРІҢНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

– Ғылыми-зерттеу – біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі. Мен студенттерге арналған 9 оқу және оқу-әдістемелік құралын шығардым (4-і бірлесіп жазылды). Сонымен қатар, халықаралық конференциялар жинақтарында, кәсіби журналдарда 23 ғылыми мақала жариялап, YouTube ар — насында орналастырылған арнайы пәндер бойынша 5 электронды оқулық пен 3 бейне сабақ жасадым. Оқу құралымен жұмыс жасағанда оның қаншалықты өзекті екенін, студенттер мен оқытушыларға қажет екенін ойлау керек. Колледж студенттеріне арналған арнайы пәндер бойынша оқулықтар жетіспейтіндіктен, оқулықтар жасау үшін ғылыми, шығармашылыққа әлеуетімізді жұмылдыруға тырысамыз. Оған қоса, менің студенттерімнің конкурстардағы, олимпиадалард ағы жетістіктері мен конференциялар жұмысына қатысуы маған ерекше қуаныш сыйлайды. Әрбір осындай жеңіс мен үшін өте қымбат, өйткені оқытушы үшін ең маңызды марапат – біздің студенттердің жетістіктері. Педагогикаға тек ақша, жоғары жалақы үшін баруға болмайды. Әрине, қаржы мәселесі біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Материалдық сұрақтардан біз ешқайда кетпейміз. Бірақ тек материалдық қызығушылық кәсіби өсуде, біздің жұмысымызда жақсы нәтиже бермейді. Білім – бұл мамандығыңызды сүю, балаларды жақсы көру және олармен қарым-қатынас жасау. Белгілі тарихшы В.О. Ключевский бұл туралы өте жақсы айтты: «жақсы оқытушы болу үшін сіз үйреткен нәрсені жақсы көруіңіз керек және оқушыларыңызды жақсы көруіңіз керек» деп. Мен бұған келісемін. Мен зейнетке шықтым, бірақ әлі де жұмыс істеп жатырмын. Мен әлі де сұранысқа ие болғаныма қуанамын. Егер бұдан әрі сабақ беру мүмкіндігім болмаса, мен өзіме ұнайтын нәрсені табамын, өйткені менің хоббиім көп. Солардың бірі – бір кездері анамыз бізге үйреткен қолөнер. Мен балаларыма және немерелеріме көбірек көңіл бөлемін.

Бетті дайындаған
Бақыт ЖҰМАБАЙ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...

Обеспечение безопасности туристов 

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ОЗЕРА АЛАКОЛЬ С УЧАСТИЕМ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ...