«Шырмауық» атты фильм түсіріліп жатыр

Соңғы жылдары қазақ киносының өрісі кеңіп, түрлі жанрдағы фильмдер көптеп түсіріліп жатыр. Әсіресе, ұлттық құндылықтарға негізделген, ойға жетелейтін интеллектуалдық фильмдердің өндірісі көбейді.

Биыл да мемлекеттің қолдауымен бірқатар фильмдер түсіріліп жатыр. Солардың қатарында «Шырмауық» толықметражды фильмін де атауға болады.

Кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық киностудиясы арқылы өндіріске жіберілді.

Күрделі әлеуметтік-психологиялық мәселелерді көтеретін фильм адам жанының шиеленіске толы қатпарларын, отбасы құндылығын, өтпелі кезеңде ғұмыр кешкен жоғалған ұрпақтың тағдырын арқау етеді.

«Шырмауық» кинокартинасының сценарий авторы және режиссері Азамат Шарғын. Бұған дейін көптеген фильмдерге түсіп актерлық қырымен танылған оның бұл режиссерлік алғашқы жұмысы.

Режиссердің өзіне хабарласып, фильм не туралы екенін сұрап көрдік.

Азамат Шарғын, режиссер: «Шалғайдағы өзен жағасындағы ауылда ұлы мен келіні және кішкентай немересі бар Әйімқан тұрады. Отбасының жалғыз кіріс көзі – Әйімқанның зейнетақысы. Адасқақ сезім кешкен ұлы отбасына көңіл бөлуден қалған. Ал келіні болса жұмысты желеу етіп, отбасын тастап қалашыққа кетпекші. Фильмнің логлайнын осылай түйіндеуге болатын шығар. Әзірге оқиғаны толық баяндамай, үлкен экранға шыққанын күтейік».

Еске сала кетейік, қазір «Шырмауық» фильмінің түсірілім жұмыстары жүріп жатыр.

Аида Балаева «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздарын марапаттады

Астанада Халықаралық жастар күні аталып өтті. Салтанатты іс-шара аясында...

Аида Балаева наградила победителей конкурса грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

В Астане отметили Международный день молодежи. В рамках торжественной...

Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле

       «Артық сөйле, кем сөйле, таразылай тең сөйле», «Сөз...

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...