Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Олимпиада құрамасының медаль иегерлерімен кездесуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Президент Париж олимпиадасының жүлдегерлері мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы сол күні олармен кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке қарай, спортшылар мен жаттықтырушылардың жартысында ковид анықталды, бұл кездесуді кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Барлығына тезірек сауығып кетуін тілейміз. Кездесу міндетті түрде тамыздың соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», — деді Берік Уәли.

Еске салайық, Қазақстан олимпиадалық құрамасы Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль иеленді. Активтегі жалғыз алтынды дзюдошы Елдос Сметов жазды, ол 60 келіге дейінгі санаттағы ең үздік атанды.

Қазақстандықтар тұғырдың екінші сатысына үш рет көтерілді. Олимпиаданы гимнаст Нариман Құрбанов, грек-рим стилінің балуаны Демеу Жадыраев және боксшы Нұрбек Оралбай күміспен аяқтады.

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...