Тәуелсіздік алғаннан кейін алғашқы кезеңде Қазақстан жаппай индустрияландыруға бағыт алды. Негізгі даму бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, кейін ол елімізде өнеркәсіптің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдары мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндірістер құрылды, олар жаңа өнімдердің жүздеген түрлерінің шығарылуын қамтамасыз етіп, мыңдаған жұмыс орындарының құрылуына ықпалын тигізді. Индустрияландыру күні қарсаңында РrimeМinister.kz редакциясы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы индустриялық саясатының іске асырылуы туралы шолу әзірледі.
2010 жылғы индустрияландыру және қазір: бәрі неден басталды
Индустрияландырудың алғашқы бесжылдығы (2010-2014) бағдарламасы аясында мемлекет өнеркәсіптіғ ауыл шаруашылы мен қызмет көрсету секторын қос алғанда, экономиканың барлық негізгі секторларын таргеттеді, Бұл кезде бағдарламаның мақсаты әлемдегі дағдарысты жағдайларға қарамастан, экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды.
ҮИИД МБ (2010-2014) кәсіпкерлікті және ШОБ дамыту, өнеркәсіп инфрақұрылымы, жұмыспен қамту, қолайлы инвестициялық ахуал жасау тәрізді мемлекетті дамытудың жалпы жүйелік бағыттарының басым бөлігі енді. Бұл бағдарламада шикізаттық сеткорды, инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, өнеркәсіптің барлық салалары қамтылды, осылайша, басымдықтарының кең ауқымы нақтыланды.
Сонымен қатар, бірінші бесжылдық аясында экономиканы әртараптандыру процесін іске қосу үшін маңызды базалық алғышартар қолға алынды — «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы», «2010 – 2014 жылдарға арналған инвестициялар тарту, арнайы экономимкалық аймақтарды дамыту және ҚР-да экспортты ынталандыру бойынша бағдарлама» және «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі туралы» ҚР Заңы тәрізді заңдар қабылданды. Сонымен қатар, 50-ден астам заңға түзетулер енгізілді.
Бұл жылдары көптеген инфрақұрылымдық мәселелер шешілді: 4 мың шақырымға жуық автомобиль жолдары салынып, реконструкцияланды («Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс 2 транзитттік дәлізі), 1700 шақырымға жуық теміржол салынды (Өзен–Түрікменстанмен мемлекеттік шекара, Жетіген–Қорғас, Бейнеу-Жезқазған, Арқалық-Шұбаркөл), 13 арнайы экономикалық аймақ пен 23 индустриялық аймақ жұмыс істей бастады.
Бизнесті қолдау үшін «Өнімділік — 2020», «Инвестор — 2020», «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламалары қабылданды. Ондаған жаңа қолдау құралдары әзірленіп, іске қосылды: жеңілдікті несиелер және лизинг, инновациялық, экспорттық гранттар, сервистік қолдау және т.б. Бүгінде жеке кәсіпкерлерге 100-ге жуық қолдау құралдары қолжетімді.
Екінші бесжылдық (2015-2019) сыртқы экономикалық шоктарға аса төзімді және қазақстандық экономика үшін “қауіпсіздік төсемі” болу әлеуеті бар сектор ретінде нақты өңдеу өнеркәсібіне бағдарланды. Бұл бесжылдық аясында өңдеу өнеркәсібінің 14 басымдықты секторы айқындалды, қолдау құралдары соларға бағытталды.
Бағдарламаны іске асыру Қазақстан экономикасы үшін бірқатар оң қорытындылар әкелді.
Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортталатын тауарлар номенклатурасы 21%-ға артты. Аккумуляторлар, темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жазық илем, қоспасыз алюминийден жасалған сым тәрізді жаңа экспорттық тауарлар пайда болды.
2010-2018 жылдары өңдеу өнеркәсібінің дамуы үшін негіз жасалды. Мәселен, 7,9 трлн теңге сомасына 1250 жобаны іске асыру және Global-2000/ТҰК тізімінен 29 инвесторды тарту нәтижесінде жаңа өсу көздері пайда болды. 35 кәсіпорынды жаңғырту, экономиканың жаңа бағыттары мен экспорттық және инновациялық әлеуеті жоғары жаңа тауарлардың пайда болуы арқылы тиімді базалық индустрия құрылды.