№75 мекемесінде күзетпен ұсталып отырған айыпкерлер мен сотталғандарды құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 2023/2024 жылдың 6 айында Атырау облыстық ПД-нің көші — қон полиция басқармасымен, тергеу органдарымен біріге отырып, 31/46 адамға төлқұжат жасалды. 2024 жылдың 24 маусымында айыпталушылар мен сотталғандарды төлқұжаттандыру жұмысы бойынша миграция қызметкерлерімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге №75 мекемесінің арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері, қылмыстық іс жүргізуші орган, көші қон полиция басқармасы қызметкерлерімен, төлқұжаттандыру жұмысын нығайтып, алға қарай да бірлесіп, тығыз байланысты жұмыс жасау көзделді.