ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНА ҚОСЫЛҒАН ҚОМАҚТЫ ҮЛЕС

Қазақстандағы индустрияландыру – өнеркәсіп секторын дамытуға және нығайтуға, оның технологиялық деңгейі мен халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ел экономикасындағы құрылымдық өзгерістер процесі. Бұл үдеріс жаңа өндіріс орындарын құруды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды, инновациялық технологияларды енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды және бизнес жағдайын жақсартуды қамтиды. Сондай индустриалды аймақтың бірі – «Алматы индустриалды аймағы» (АИА) ЖШС.

АИА резиденттері 2 млрд теңге көлемінде өнім өндірген. Бұл соманың 800 млрд теңгесі өткен жылдың еншісінде. Бұл туралы «Алматы индустриалды аймағы» ЖШС Бас директоры Әлішер Сатыбалдиев баяндады. ЖШС 2015 жылы Алматы қаласында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және басым салаларды дамыту мақсатында құрылған. Негізгі назар құны мен экспорттық әлеуеті жоғары технологиялық, инновациялық өнім өндіруге, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған инвестициялық жобаларға аударылған. Бүгінгі таңда AИA мүшелеріне машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, логистика, азық-түлік, химия және ауыл шаруашылығы сияқты әртүрлі салалардағы компаниялар кіреді. АИА-ға барлығы 100-ден аса компания қатысып, олар 500 млрд теңгеден аса инвестиция салып, 14 246 жұмыс орнын ашып отыр. 2015 жылдан бері резиденттер 50 млрд теңгеден аса салық төлеген. Бұл – қала экономикасына қосылған қомақты үлес пен индустриялық аймақтың әлеуетінің артып келе жатқанының айқын көрсеткіші. АИА аумағы 490 гектар, оның 326 гектары жобаларға және 164 гектары инфрақұрылымға бөлінген. ШОБ-ты көтеру үшін «Алматы бизнес – 2025» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Аталмыш бағдарлама аясында кәсіпкерлер кейіннен сатып алу мүмкіндігімен, төмендетілген бағамен (шаршы метрі – 1350 теңге) дайын өндірістік үй-жайларды жалға ала алады. Индустриалды парктерді салуға жеңілдетілген несиелер жеті жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% мөлшерлемемен Алматы қаласы МҚҰ еншілес ұйымдары арқылы беріледі. Парк резиденттері бизнесті дамыту мақсатында жылына екі пайыздық мөлшерлемемен 70 млн теңге аралығында несие рәсімдей алады. Бүгінде аталмыш жобаны ары қарай ілгерлету мақсатында тиісті құжаттар әзірленуде. Жобалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін, құрылыс жұмысын қаржыландыру 2024-2026 жылдар аралығында шешілетін болады. Кеңейтілген аумақта ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру 235 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға, 9 мыңнан астам қосымша жұмыс орнын ашуға және қала экономикасын көтеруге айтарлықтай оң әсер бермек.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...

Кассациялық сот — заңдылық пен әділдіктің кепілі

Қазақстан Республикасында сот жүйесін жетілдіру бағытындағы реформалар кезең-кезеңімен жүзеге...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...