Дипломмен еркіндікке

Асыға күткен, кәсіптік білімі туралы диплом #3 мекемесінің сотталғандарына табыс етілді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты #3 мекемесіндегі сотталғандар газ-электрмен дәнекерлеуші және тігінші мамандығы бойынша білім ала-алады. Сотталғандарды кәсіптік оқыту бойынша міндеттерді орындау мақсатында Астана қаласы әкімдігін құрылыс — техникалық колледжінде білім алды.

Алдымен сотталғандар дәнекерлеудің теориялық материалын, технологиясын және техникасын меңгерді, электр жабдықтарын, тігу дәжерелерін, қауіпсіздік техникасын зерделейді, содан кейін практикалық сабақтарға кіріседі.

Сотталғандар бұл мамандыққа қызығушылық танытты. Өйткені бұл мамандықтар түзеу мекемесінде де, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие. Сонымен қатар, орта кәсіптік білім алуға және кәсіптік оқуға деген оң көзқарас сотталған адамның түзелу дәрежесін айқындау кезінде ескеріледі.

Жоғарыда аталған мамандықтарды игере отырып, сотталғандар жазасың өтегеннен кейін жұмыс істей алады, өйткені сотталғандардың дені бұрын жүргізуші, такси жұргізушілері, карьерлер, экспедиторлар сот шешіміне сәйкес өмір бойы жүргізуші құқығынан айрылғандар.

Іс-шара соңында, №3 мекемесі бастығының жалпы сұрақтары бойынша орынбасары әділет майоры Арман Тойлыбайұлы Шаришев Астана қаласы әкімдігін құрылыс — техникалық колледжі басшылығына өзара ынтымақтастыққа іс-қимыл жасағаны үшін, сондай -ақ сотталғандарға оқу мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...