Қазақстанда жүргізушілердің бір санаты үшін жас шектеуі өзгерді

Қазақстанда автобус жүргізушілерінің ең төменгі жасы (D санаты) төмендетілді. Заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрын D санатындағы жүргізуші куәлігін алу үшін үміткер 25 жасқа толып, сыйымдылығы төмен автобустарда үш жылдық жұмыс өтілі (D1 кіші санаты), сондай-ақ жүк көлігінде бір жыл (С1 кіші санаты) болуы керек еді. 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңның мәтіні келесідей:

«Жүргізуші орнынан басқа 16-дан астам орны бар автобустар және троллейбустармен жолаушыларды тасымалдауға 23 жасқа толған, жүргізуші ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар, оның ішінде D1 кіші санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі кемінде бір жыл жүргізушілер жіберіледі».

Заң қол қойылған күннен бастап 60 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.