Электрмобиль иелері тұрақ үшін ақы төлеуі керек пе?

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Қазақстанда экологиялық таза көлікті насихаттау және электрмобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту жөнінде түзетулер қабылдаған болатын. Tengri Auto электрмобиль иелеріне тұрақ үшін ақы төлеу керек пе, жоқ па анықтап көрді.

22 мамырда Мәжіліс екінші оқылымда көлік және электрмобильдер инфрақұрылымын дамыту туралы заңнамаға бірқатар маңызды өзгерістерді мақұлдады. Жаңа түзетулерді қабылдау мыналарға бағытталған:

  • электрмобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту;
  • экологиялық таза көлікті пайдалану үшін жағдай жасау;
  • электр зарядтау станцияларын орнатуды реттеу үшін құқықтық тетіктерді әзірлеу.

Сонымен қатар, түзетулер электрмобиль иелері үшін қарастырылған жеңілдіктерге де қатысты, онда тұрақ ақысын алып тастау қамтылған. Алайда, астананың тұрақ кеңістігінде электрмобиль жүргізушілері әлі де тұрақ ақысын төлеуге міндетті, өйткені заң әлі де Сенатта қаралып жатыр.

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды.

Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған.

Педагогтердің құқығы заңмен қорғалады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та депутаттар атқарушылық іс жүргізу­ді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұл­дады.

2027 жылдан бастап оқу гранттары өзгереді 

Мәжілісте шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарындағы оқу ақысының қымбаттығы мәселесі көтерілді.