ҚАЖ қызметкерлері босатылған сотталғанды үйіне жеткізді

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №57 мекемесінен психиатр дәрігерінің есебінде тұрған сотталған шартты түрде мерзімінен бұрын соттың Қаулысымен босатылып шықты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, босатылып жатқан сотталғанға жол ақысы төленіп, жіберілуі қажет. Алайда, мекеменің ҚАЖ қызметкерлері денсаулығының ақауы бар сотталған азаматқа бей-жай қарамай, көмек көрсетті. Азаматтың тұрғылықты мекен-жайына адаспай баруы үшін, оны үйіне дейін шығарып салып, анасына тапсырды.

«Ұлымның соттан өтіп босатылатыны жайлы түрменің қызметкерлері хабарласып айтқан болатын. Сол кезде ұлымның денсаулық ақауларына байланысты күтіп алуға кімдер келетінің де сұраған. Менің өзімнің денсаулығым болмағаннан кейін, күтіп ала алмайтынымызды, адаспай аман-есен жетуін айтып тілеген болатынмын. Бүгін қызметкерлердің өздері келіп, үйге дейін жеткізіп салғандарын көріп, қатты риза болдым»,- деп бөлісті, босатылған сотталғанның анасы.

Сонымен қатар, №57 мекеме қызметкері тарапынан, тұрғылықты мекен-жайы бойынша есепке тұру тәртібі түсіндірілді.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...