Қазақстандағы балабақшаларда соттылығы бар адамдар жұмыс істеген

Жетісу облысындағы балабақшаларда қауіпсіздік саласындағы көптеген заңбұзушылық анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жетісу облысының прокуратурасы білім беру мекемелерінде балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуге теріс әсер еткен 200-ден астам заңбұзушылықты анықтады.

Мәселен, Сарқан, Қаратал және Панфилов аудандарындағы 12 балабақшаның жанында жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілері жоқ.

«Сарқан және Алакөл аудандарындағы екі балабақшаның аумағы толық қоршалмаған, бұл бөгде адамдардың балабақшалар аумағына кедергісіз кіруіне мүмкіндік берді.

Панфилов ауданының 55 жеке балабақшасында «Шақыру дабыл түймесі» жүйесі жоқ. 40 балабақшада өрт қауіпсіздігін хабарлау жүйесі жұмыс істемейді, ал екі балабақшада олар мүлдем болмады. Алакөл, Ескелді және Сарқан аудандарының жеті балабақшасында бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді.

Ақсу, Сарқан аудандары мен Текелі қаласының 9 балабақшасы өз қызметін мерзімі өткен санитарлық қорытындылар негізінде жүзеге асырды. Ал кейбір жағдайларда мерзімі өткен медициналық препараттар сақталған. Ақсу ауданының 8 балабақшасында ішек таяқшалары табылды», — делінген хабарламала.

Еңбек заңнамасының (ҚР Еңбек кодексінің 26-бабы) талаптарына қайшы, облыстың балабақшаларында бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 11 адам жұмыс істеген.

Сонымен қатар, прокурорлар Кербұлақ ауданының балабақшаларында жалпы сомасы 25 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады, олар бойынша соталды тергеу басталған.

«Барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша оларды жою туралы 22 қадағалау актісі енгізілді, 40 адам әкімшілік жауапкершілікке, 7 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды».

Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді

Алматыда көптен бері ашылуы кейінге қалдырылып келген еліміздегі алғашқы крематорий ашылды.

Азық-түлік бағасына бақылау күшейді: 1400-ден астам айыппұл салынды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында бақылау шаралары күшейтілді.

Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні кең көлемде атап өтіледі

Қалада тұрғындар мен қонақтарға достық, ынтымақ және мәдени әртүрлілік сынды ауқымды мерекелік іс-шаралар легі жоспарланған.

Педагогтердің құқығы заңмен қорғалады

Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыс­та депутаттар атқарушылық іс жүргізу­ді жетілдіру, педагог мәртебесі мен білім беру мәселелері туралы заң жобаларын бірінші оқылымда мақұл­дады.

2027 жылдан бастап оқу гранттары өзгереді 

Мәжілісте шетелдік жоғары оқу орындарының Қазақстандағы филиалдарындағы оқу ақысының қымбаттығы мәселесі көтерілді.