Қырғызстан президентінің інісі ұсталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Улан Жапаров ұсталды. Ол ірі көлемеде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg мәліметіне сілтеме жасап.

Бішкектің Первомайский аудандық соты берген ақпаратқа сәйкес, сот 21 маусымда Бішкек бойынша МҰҚК ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.

Қолда бар мәліметтер бойынша, Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады. Ол Қырғызстан президентінің өкілетті өкілін облыстардың біріне тағайындауға уәде беріп, ол үшін 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы алды деген күдікке ілінді. Алайды ол уәдесін орындамаған.

Еске салайық, бүгін Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевтің туысы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитінде қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін көтерді 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.