Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«16 шілдеде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына кандидатты ұсынды, — деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі. — Бұрын осы лауазымды атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кетті. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақов Ақтау әкімі қызметіне тағайындалды».

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында жоғары білімі бар.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Өзбекстан президенті Мирзиёев Тоқаевты референдум табысты өтуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

“Енді 15 наурызды Конституция күні ретінде қарсы аламыз“ — Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституциямыз құтты болсын!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысты

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнама бойынша Exit poll нәтижесі

Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.