Есепте тұрған тұлғалар қоғамнан шет қалмайды

Бүгін Қазалы аудандық пробация қызметі, «Жігер » қоғамдық қорымен бірлесіп , пробация қызметі есебіндегі сотталғандар арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырды.Жарысқа пробация есебіндегі 20-дан астам сотталған қатысты.

Дойбы ойыны ойлау қабілетін дамытуға,логикалық ойлауын арттыруға және шыдамдылықты шыңдауға, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға тәрбиелейді. Тартысты өткен додада есептегі тұлғалар белсенділік танытып, бар ынта жігерлерімен ойнады.
Шара соңында «Жігер» қоғамдық бірлестігінің психолог маманы психологиялық тренинг өткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар медальдармен және кубокпен марапатталды.
«Пробация есебіндегі азаматтармен түрлі деңгейлердегі спорттық жарыстарды жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Бұл азаматтардың  қоғамнан шетте қалмауын, саламатты өмір салтын ұстануға бағытталған игі шаралар да алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады» деді Қазалы аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі Е.Сражатов.

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...

Свобода, которую нельзя заменить

В колониях минимальной безопасности особое значение имеют дни, когда...

Еркіндіктің орны бөлек

Ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар үшін...