Сотталғандарға жеке мәселелері бойынша тегін кеңес берілді


Абай облысында қауіпсіздігі аралас колонияда сотталғандар мен заңгерлер кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге: Абай облысы бойынша Нотариаттық палатасының нотариусы, Абай облысы бойынша заң консультант-медиаторы, Абай облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлім басшысы, Абай облысы Әділет департаментінің Әкімшілік бөлімінің маманы келді. Олар сотталғандарға кәсіби заңгерлік көмек көрсетті. Құқықтық көмек алуға барлығы 98 сотталған келіп, барлығы өз сауалдарына кәсіби сауатты жауаптар алды.

«Сотталғандар көбінесе өздерінің қылмыстық істері, сот үкімі бойынша талап-арыздарды өтеу, некені бұзу және тұрғын үй мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Кейбір мәселелер бойынша нақты жауап алу мүмкіндігі болмаса да, сотталғандарға кәсіби кеңестер берілді. Осындай ауқымды кездесуге келіп, әр сотталғанның сауалын егжей-тегжейлі қарастырып, кері байланыста болған барлық заңгерге алғысымызды білдіреміз», — дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...