Желіде тараған шулы видеодан соң Шымкентте экс-әкімнің ағасы ұсталды

Астана полициясы отбасын үйінен қуып шыққан шулы бейнеден кейін тергеу жүргізілгені туралы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша азаматтың бұрынғы жұбайы А. — ға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

«Ол уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылған. Материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, дене күшін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады полиция.

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты қызметтік тексеру басталды.

Еске салайық, бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеген болатын.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.