Бүгін ауа райы қандай болады?

12 шілдеде еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің кейбір өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады және 40 градусқа дейін ыстық болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз екпіні 15-20, облыстың шығысында 23 м/с.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40 градус қатты ыстық сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Алматыда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршак, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 23 м/с.

Қарағанды облысының батысында найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, тауларында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, тауларында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазақстанның саяси партиялары Құрылтай сайлауына дайын екенін мәлімдеді 

Қазақстанның саяси партиялары Президенттің Құрылтай сайлауын 2026 жылғы 23 тамызға белгілеу туралы Жарлығына қол қойылғаннан кейін ресми мәлімдемелер жасап, алдағы сайлау науқанына толық дайын екендерін жеткізді.

На пути масштабных политических реформ

УХОДЯЩАЯ НЕДЕЛЯ СТАЛА ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ЗНАЧИМЫХ В СОВРЕМЕННОЙ ПОЛИТИКО-ПРАВОВОЙ ИСТОРИИ КАЗАХСТАНА. СРАЗУ НЕСКОЛЬКО СОБЫТИЙ, ВЗАИМОСВЯЗАННЫХ МЕЖДУ СОБОЙ, ОЗНАМЕНОВАЛИ ЗАВЕРШЕНИЕ МАСШТАБНОГО ЭТАПА КОНСТИТУЦИОННОЙ РЕФОРМЫ И НАЧАЛО ФОРМИРОВАНИЯ НОВОЙ МОДЕЛИ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ.

Докторантураға түсуге өтініш қабылдау басталды

3 шілдеде докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысуға өтініш қабылдау басталады. Ол 2026 жылдың 3 тамызына дейін жалғасады. Емтиханның өзі 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Испания Португалиямен кездеседі: Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы жұптар белгілі болды 

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы матчтар аяқталғаннан кейін 1/8 финалдың алты жұбы анықталды.

Ресейдегі жанармай тапшылығы Қазақстан үшін дағдарыс туғызбайды – сарапшы 

Шекара маңында жанармайдың заңсыз тасымалы күшейе ме? Елдің ішкі нарығында тапшылық қаупі бар ма?