Несие беруге қатысты жаңа ереже қандай және қашан бекітіледі?

«Ашық НҚА» порталында жеке тұлғаға банктік қарыз немесе микрокредит беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын бекіту туралы қаулының жобасы жарияланды, — деп хабарлайды корреспондент Tengrinews.kz.

Жұбайының келісімінсіз несие алуға тыйым 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Несие мөлшері

1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК) және одан да көп мөлшерде несие алу үшін жұбайының келісімін алу қажет болады. 2024 жылы бұл — шамамен 3,7 миллион теңге.

Рұқсат қалай рәсімделеді?

Несие алуға жұбайының рұқсаты қағаз түрінде де, электрон түрде де берілуі мүмкін.

Қағаз түрінде ресімделген келісімге қарыз алушының жұбайы немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін оның уәкілетті өкілі қол қояды.

Электрон түрде ресімделетін келісім кредит беретін ұйымның (банк немесе микроқаржы ұйымы) бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы не E-gov порталы арқылы беріледі. Бұл жағдайда биометриялық сәйкестендіру қажет.

Электрон түрде берілген келісімді қарыз алушының жұбайы осындай келісімді алған күннен бастап 48 сағат ішінде электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы куәландырады.

Рұқсатта не көрсетілуі керек?

Несие рұқсатында мыналар көрсетілуі керек:

  • рәсімделген күні;
  • рұқсат берілген тұлға туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН;
  • несие туралы мәліметтер: сомасы, мерзімі, пайыздық мөлшерлемесі.

Қаулы жобасы 10 шілдеде жарияланып, 24 шілдеге дейін талқыланады.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.