Қазақстанда Елтаңба өзгере ме?

Елтаңба өзгере ме? Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік мемлекеттік рәміздерді өзгерту алгоритмін түсіндірді. Конституция жобалары бойынша шешімдер конституциялық заңдар арқылы, сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік өміріне қатысты өзге де аса маңызды мәселелер жалпыұлттық референдум, яғни жалпы халықтық дауыс беру арқылы қабылданатыны айтылды.

Конституцияның 54-бабына сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар Парламентте қаралады және жалпыұлттық референдум тәртібімен өткізіледі.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында Елтаңбаны ауыстыру туралы шешім жалпы келісім болған жағдайда қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Министрлік осындай бастамалар шеңберінде шет елдерде мемлекеттік рәміздерге өзгерістер енгізу мәселелері бойынша талдау жүргізді. Алайда еліміздің бірқатар өңірінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар болуына байланысты бұл іс-шаралар тоқтатылды», — деп жазылған министрлік жауабында.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.