Кондиционер астында ұйықтау қауіпті ме?

Дәрігер Станислав Ионов «Известия»-ға кондиционер астында ұйықтаудың қаупі жайлы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Кондиционер астында ұйықтайтын адамдарда ауырып қалу қаупі бар. Бұл немен байланысты? Адам денесінің температурасы тәулік бойы циркадты ырғақтармен, «күн-түн» биологиялық ырғақтарымен реттеледі. Оған қоса, күндіз ол бұлшықет және ақыл-ой жүктемесінің есебінен жоғары болады. Ал ұйқы кезінде ол шамамен бір градусқа түседі. Егер бөлмедегі ауа температурасын +15, +17, тіпті, +19 градусқа дейін салқындаса, жылу беру күшейеді. Дене температурасы қосымша түседі. Ал ол салқын тиюге және басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Адам таңертең тұрғанда жөтеліп және мұрны бітеліп тұруы мүмкін», — дейді ол.

Профессордың айтуынша, ауырып қалмас үшін кондиционер баптауын дұрыстап реттеу керек. 

«Ғимарат ішіндегі қолайлы температура — +20…+22 градус. Кондиционерді осылай қою керек. Бұл жағынан вентилятор қауіпсіздеу. Себебі ол ауа температурасын түсірмейді, ауа ағынын түрлендіру арқылы денені суытады», — дейді Ионов. 

Тұмауратып қалуға әкелетін тағы бір қателік — кондиионерлерді кереуеттің айналасына (үстіне немесе қарама-қарсы) ораналстыру. 

«Олай жасамаңыз, себебі ауаның тіке ағыны жылу беруді арттырады және суық тиюге әкелуі мүмкін. Жатын бөлмедегі кондиционерді кереуеттен алыс қойған жөн», — дейді маман.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.