12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОЙЫНЫҢ ОСЫЛҒЫР!

Кеше заңға қол қойылды: ойын бизнесі, лудомания мен лоторея қызметіне қатысты құқықтық норма күшіне енді!

Президент Тоқаев мәселені Сарайшық құрылтайында көтерген, сол сөзден соң мәселе өзгеше сипат тапты, жоба әзірленді, Парламент талқылады, ақыры міні, Заң бар!

✅ Мемлекеттік қызметкер бәс тіге алмайды. Егер бәс тіккені әшкере болса, қызметтен қуылады!

✅ 21 жасқа толмаған тұлғаларға ойнауға тиым салынады, оларға мүмкіндік берген орталықтар лицензиядан айырылуы заңмен қаралады!

✅ Құмар ойындардың жарнамасының өрісі қысқарды. Сыртқы жарнама, смс хабарлама, масс медиа, кино мен видео түріндегі жарнамаға тиым салынды!

✅ 21 жасқа толмағандарға энергетик сатуға да тиым салынды!

🤦🏻‍♂️ Ойын — ошақтарды ойран етті, шаңырақтарды ортасына түсірді. Талай арыстай азамат әлсіздігінің құрбаны боп, бала-шағасы, ата-анасын зар жылатып, осы ойынның соңында жүріп өлді…

📍 Маңғыстауда, Бейнеудегі ашынғаннан ойынхананы өртеген азаматтың видеосын бәріміз көрдік. Жетіскеннен істелген қадам емес, арыстай азамат не істерін білмей осы қадамға барды…

📍 Алматы облысында әйелі мен екі баласын өлтірген қылмыскердің жағдайы да осы ойынның кесірінен қиындаған. Лудоман сорлы ойынға басымен кіріп кеткен, сүйтіп өзіне ең жақын адамдардың өмірін қиған…

📍 Қазақстанның қай қаласында да ойын ойнап, қарызға кіріп, ақыры сол қарыздың кесірінен асылып өліп қалған жағдайлар, таныстарымыздың таныстары бар…

❗️ Букмекер ұтылмайды, ойыныңды осып жібереді!!!

✅ Заң дер кезінде қабылданды. Жылдам баюдың елесімен жарыққа ұмтылған көбелектей боп жүрген жастар да кейін қайтатын болар.

❗️Айтпақшы, құқық қорғаушылар 200 мыңнан астам баланың жасы үлкендер арқылы сайтқа кіріп, солар арқылы ойнап жүргенін біліп отырған көрінеді. Яғни, ендігі жерде бұлай ойнағанға да, ойнатқанға да жаза бар. Сондықтан, балаңыз немен айналысып жүргенін қадағалаңыз!

Әйтпесе, ойыныңыз осылады!!!

Алмас Алтайдың фейсбук парақшасынан алынды

Подготовка к отопительному сезону

​​​​​​​В Алматинской области завершается подготовка к отопительному сезону 2025–2026...

Новации – в ЖКХ 

​​​​​​​В г. Шымкенте внедряют цифровые технологии в сферу жилищно-коммунального...

Парк под пристальным контролем

​​​​​​​В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в Ескельдинском районе...

Современная библиотека Абая

​​​​​​​В общеобразовательной школе № 35 города Семей открылась современная...

Хранение оружия: дисциплина и безопасность

​​​​​​​​​​​​​​В ХОДЕ ПРОФИЛАКТИЧЕСКИХ РЕЙДОВ В Г. ШЫМКЕНТЕ СОТРУДНИКИ ПОЛИЦИИ...