Жаңатаста үйлерді су басты: облыс әкімдігі мәлімдеме жасады

Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарынан болған мән-жайға байланысты материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылды. Жаңатаста толассыз жауған жаңбыр салдарынан үйлер мен аулаларды су басқан еді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

7 шілде күні Сарысу ауданы аумағында қатты жауын-шашын салдарынан көлбеу ағын қалыптасып, бірқатар көшедегі 400-ден астам үйдің ауласы, 47 үйдің іші мен 1 мектептің жертөлесін су алды.

«Төтенше жағдай салдарынан болған материалдық шығынды зерделеу бойынша жұмысшы топ құрылып, жұмыс жүргізіп жатыр», — делінген хабарламада.

Жаңатастағы екі елді мекенде (Малоэтажка, Дегерес) жарық қосылған. Тек Қонаев орта мектебінде судан тазарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жарық әлі берілмегені айтылды.

Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріліп, оған 12 адам орналыстырылған. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды.

Жаңатас–Саудакент тасжолы ашық. Төтенше жағдайды жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті 

Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық қарқынды сипат алғанына назар аударды.

Бүгін жаңа оқу жылы басталды: Алғашқы қоңырау қалай өтеді? 

Бүгін еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылады

Мектептерде оқушы көбейді: биыл қанша бала білім алады?

Жаңа оқу жылында ел мектептерінде 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астамы – алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Алтын бағасы 19 тамыздан бергі ең төменгі деңгейге түсті 

Алтын бағасының өзгеруі халықаралық қаржы нарықтарындағы жағдайға, инвесторлардың сұранысына және АҚШ экономикасына қатысты күтулерге байланысты қалыптасады.

Тоқаев Үкімет алдына жаңа міндеттер қойды: Президент Бектеновке не тапсырды? 

Мемлекет басшысы экономикалық өсім, мемлекеттік басқару және халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар берді.