12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жазасы әралуан

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 25-бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаның құқыққа қарсы, кiнәлi оның ішінде қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін: таратып айтар болсақ, ескерту жасау; әкiмшiлiк айыппұл; әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу деген секілді жазалар қарастырылған. Онда бас бостандығынан айырмай, алайда түрлі жолдармен тұлғаны тәртіпке шақыру әрекеті көзделген.

Жалпы әкімшілік құқық бұзушылыққа қарсы қолданылатын жаза түрлері әралуан. Арнайы құқықтан айыру; рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау; қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу; әкімшілік қамаққа алу; шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу секілді жолдары да бар. Оның ішінде жиі қолданылатыны әкімшілік айыппұл салу. Әкiмшiлiк айыппұл көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде ақша өндiрiп алу.

Кәмелекет толмағандарға әкімшілік жаза қолданудың да өз ерекшелігі бар. Кәмелетке толмаған адамға салынатын әкiмшiлiк айыппұлдың мөлшерiн осы бөлімнің Ерекше бөлiгiнiң бабында көзделген айыппұл мөлшерiне қарамастан, он айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.

Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткiлiктi мүлкi болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Арнайы құқықтан айыру кәмелетке толмағандарға бiр жылдан аспайтын мерзiмге қолданылуы мүмкiн. Әкiмшiлiк жазалардың басқа да түрлерi, сондай-ақ осы Кодекстiң «41» және 52-баптарында көрсетілген әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары кәмелетке толмағандарға жалпы негiздерде қолданылады. Кей жағдайларда құқық бұзушылықтың асқынуына орай бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық орын алған жағдайларда жаза күшейе түседі.

    Бектурганова Алуа Салаватовна, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзышылықтар жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы

    Традиции и обычаи нашей земли

    Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

    Все для комфортной жизни

    Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

    Сохранить общенациональное согласие

    Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

    Ориентир на интересы граждан

    В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

    Задача – вершить правосудие

    Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....