12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елімізде мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасалған

Мемлекет басшысы мүгедектігі бар жандарға жағдай жасауды заң жүзінде қолға алғалы бері елімізде көптеген игі істер жүзеге асты. Атап айта кетсек, 2021 жылдың 12 қазанында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Нәтижесінде мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсартуды мақсат еткен заңнама щқолға алынды. Осы орайда қазіргі таңда оларға қандай көмек көрсетіледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдап мән жайды білген едік.

Қазақстанда қанша мүгедектігі бар адам бар?

Инклюзия департаменті мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 725 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тұрады.

  • Ересек адамдар — 615,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар адам — 76,4 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар адам — 270,7 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар адам — 268,4 мың адам);
  • 0-ден 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны — 109,5 мың.

2021 жылы Қазақстанда 696,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар — 598,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 67,6 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 272,6 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 258,4 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны — 98,3 мың.

2022 жылы 711,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар — 607,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 71,5 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 271,4 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 264,6 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны — 104,3 мың.

Мүгедектігі бар адамдарға жәрдемақы қалай төленеді?

Мүгедектігі бар адамдарға еңбек өтілі бар ма, жоқ па, жәрдемақы алу үшін жұмыс тоқтатылғанына немесе жалғасқанына қарамастан, республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

«Жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Күнкөріс деңгейі жоғарылауына байланысты олардың мөлшері жыл сайын көтеріледі. Кейбір жылдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жәрдемақы екі рет көтерілді», — деп жазылған ведомствоның жауабында.

  • 2022 жылы жәрдемақы мөлшері екі рет көтерілді: 1 қаңтардан бастап 5 пайызға, ал 1 сәуірден бастап инфляция деңгейі өзгеруіне байланысты қосымша 4 пайызға дейін;
  • 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері екі рет көтерілді: 1 қаңтардан бастап 8,5 пайызға, ал 1 шілдеден бастап қосымша 14,5 пайызға дейін, бұл олардың жылдық мәнде 23 пайызға өсуіне әсер етті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 7 пайызға өсті.

«2024 жылғы 1 маусым бойынша жәрдемақының орташа мөлшері 541,8 мың адамға 74 мың теңге болады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) республикалық бюджеттен 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы төленеді. 2024 жылы бұл көрсеткіш — 69 886 теңге«, — деп жазылған ведомствоның жауабында.

Мүгедектігі бар адамдарға қандай көмек түрлері бар?

  • оңалтудың техникалық және көмекші (компенсаторлық) құралдары;
  • протездік-ортопедиялық көмек;
  • санаторийлік-курорттық ем;
  • жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтері және арнаулы әлеуметтік қызметтер.

«2023 жылғы 1 шілдеден бастап:

  • «Spina bifida» диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдар үшін бір рет қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз ету (жылына 2 190 дана; жыл қорытындысы бойынша 79 МбА катетердің жаңа түрлеріне тапсырыс берілді);
  • міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етудің нормалары ұлғайтылды (күніне 2 данадан 4 данаға дейін, жыл қорытындысы бойынша 410 азамат тапсырыс берді);
  • психикалық бұзылулары бар балаларға арналған санаторийлік-курорттық емдеу (еріп жүретін адамдармен) көзделген», — деп жазылған жауапта.

Жұмыста жүргенде жарақат алса…

«Жұмыс беруші мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеген жағдайда зардап шеккен қызметкер МӘСҚ-нан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем ала алады. Әлеуметтік төлем мөлшері жеке анықталады, ол қызметкердің табысына, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне әлеуметтік аударымдарды төлеу ұзақтығына тікелей байланысты», — деп жазылған жауапта.

«Егер еңбек ету қабілетінен айырылған азамат жұмысына байланысты мертіккен болса, жазатайым оқиғалардан зардап шеккен қызметкердің пайдасына міндетті сақтандыру шартын жасасқан жағдайда сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері көзделген», — деп жазылған жауапта.

Традиции и обычаи нашей земли

Шымкент – это один из крупнейших и наиболее развитых...

Все для комфортной жизни

Открытие четырех новых домов культуры в жилых массивах Кайнарбулак,...

Сохранить общенациональное согласие

Наша страна является приверженцем мирной многовекторной стратегии, которая осуществляется...

Ориентир на интересы граждан

В нашей стране созданы и продолжают создаваться все необходимые...

Задача – вершить правосудие

Судья – юрист высшей квалификации, наделенный правом вершить правосудие....