12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

КӘСІБІ ҚАРЫШТАҒАН КӘСІПОРЫН

Айтқалы отырғанымыз – қазіргі Ақмола өңіріндегі серіктестіктің құрылу тарихы мен беретін өнімі. Артқа шегініс жасасақ, 1971 жылы ҚазКСР Селолық құрылыс министрлігінің бұйрығымен Щучье жөндеу механикалық зауыты ашылыпты. 1982 жылы КСРО Ауыр машина жасау министрлігінің қарамағына өтіп, «Бискэнергомаш» ғылыми өндірістік бірлестігінің құрамына енген. Сол кезден бастап Кеңес Одағын бу қазандықтарымен жабдықтаған зауыт күніне салмағы 12 тонна болатын бір бу қазандығын шығарып отырған.

Қош, бүгінде «Азиякотломаш» ЖШС-на қарасты осы зауыт шығарып жатқан бу және су жылыту қазандықтары айрықша сұранысқа ие. Зауыт өз тарихында бірнеше мәрте қайта құруды, жаңғыруды бастан кешкенмен, жұмыс ауқымы кеміген жоқ. Қазір де қазандықтың 120-дан аса түрін шығарады. Сондай-ақ арнайы тапсырыс бойынша да жұмыс істейді. Расымен, зауыт қазандықтары – қысы тым қатал орталық пен шығыс және солтүстіктегілер үшін өте қажет дүние. Мұнда 50 мгВТ-қа дейін су жылыту қазандықтары, 24 атмосфералық қысымға дейін бу қазандықтары шығарылады. Мұндай қазандықтар салмағы 25 тоннаға дейін баратын бу шығарады екен. Аталған қазандықтарда кез келген отын түрін – көмір, газ, мазутты жағуға болады. Ал тапсырыс берушілердің көбі – білім ошақтары, мемлекеттік мекемелер және өз жеке ғимараттары бар тұлғалар. Ақмолада да бұл зауыт өнімін пайдаланатындар көп. Мысалы, Щучинск қаласының алты қазандығында осы зауыт өнімдері жұмыс істеп тұр. Ал зауыт мамандары қыстың қатал сынағына шыдамды қазандықтарды орнатып, іске қосып қана қоймай, қажеттілік туғанда жөндей алады. Бұған қосымша зауытта блокты-модульді қазандықтар, әрқилы жабдықтар, жылу желілерінде пайдаланылатын оқшауланған құбырлар да шығады екен. 1 4 0 — т а н а с т а м а д а м д ы тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпорында орташа жалақы – 220 мың теңге. Щучинск қаласы үшін бұл жақсы табыс. Бірақ қиындық та жоқ емес. Ол – кадр мәселесі. Бүгінде қара жұмысқа келгісі келетіндердің қатары сиреген. Зауытқа дәнекерлеуші, білікті инженер, дизайнер сынды мамандықтар жетіспейтін көрінеді. Бұл мәселе өзге салаларда да, мысалы, ауыл шаруашылығында да кездесіп отыр. Мүмкін, еңбек адамдарын құрметтеу, насихаттау жұмыстарының әлсіздігі ме, қазір өндіріс десе, ат-тонын ала қашатындардың қатары көп екенін несіне жасырамыз?! Қазандық шығаратын зауыттың байырғы жұмысшылары да зиянды өндірісте жұмыс істейтін мамандардың жалақысын көтеру, зейнет демалысына ертерек шығару, шипажайларға тұрақты жіберу, денсаулығын сақтау, емдеу, т.б. мәселелер шешілгенін қалайды. «Біздің білуімізше, елімізде инженер кадрлар аз даярланады, ал инженер-конструкторлар мүлдем оқытылмайды. Оның үстіне, қазіргі жастар мұндай мамандықтарға аса көп қызығушылық танытпайды. Әрине, біз бұл бағытта жұмыс істейміз. Өзіміз оқытармыз, тәжірибелік дағдыларды үйретерміз. Бірақ ертеңге деген алаңдаушылық та бар. Бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан адамдар зейнет демалысына шықса, олардың орнын кім басады?» – дейді зауыт директорының орынбасары Асқар Нұрмағамбетов. Бір жақсысы, кейінгі жылдары дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі анық көріне бастады. Аталған кәсіпорын да оқу орындарымен шарт жасасуға әрдайым дайын. Қазір де Астанадағы жоғары оқу орындарымен және Щучье қаласындағы екі колледжбен ынтымақтаса жұмыс істеп жатыр. Іргедегі Қатаркөл ауыл шаруашылығы колледжімен де байланыс бар. Ал екінші мәселе – қазандық дайындау үшін қажетті материалдарды сатып алу. Мемлекеттік талап бойынша, бу қазандықтарына дәнекерленбеген, жіксіз болат құбырлар пайдаланылуы керек. Өкініштісі, бұл елімізде жоқ. Басқа мемлекеттен алынады. Ал қазандықтың өне бойына пайдаланылатын металл тақта Теміртаудан келеді. Бұл жерде тағы бір кедергі бар. Ортадағы делдалдар баға құнын көтеріп тұр. Егер зауыт бағасымен алса, қазандықтың да құны қымбаттамас еді. Ал алыпсатар арқылы келген шикізат бағасы жылма-жыл өсетіні тағы белгілі. Жалпы, Теміртаудан материалды вагонмен сатып алатындар ғана зауыттың өзінен тікелей сатып ала алады. Ал қазандық зауытына мұншалықты металдың қажеті жоқ екені белгілі. Осылайша, ортадағы алыпсатардың қызметіне жүгінбеске амал жоқ. Ары қарайғы жүйе түсінікті болмақ. Серіктестік те өз шығынын өтеу үшін өніміне өз пайдасын қосады. Ақыр соңында қымбатшылыққа ұрынатын қарапайым тұтынушылар екені тағы белгілі. Ал бұл мәселелерге құзырлы орындар шын назар аударса, шиеленіскен түйін де тез тарқайтыны анық. Әзірге қымбатшылық қамытын қолдан жасағандарға тосқауыл тек мемлекеттен ғана болады деген сенім ғана бар.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Геннадий Головкин World Boxing жаңа Олимпиадалық комиссиясының Төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс...

Неке бұзу туралы дауларды қарау ерекшеліктері

2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының...

Как проходил отбор в РКР

Впервые, во всех регионах страны проведен отбор в кадровый...

Сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселелер қатарында

Сондықтан, қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі...

Руководители ДУИС и ДП столицы посетили 2 колонии Астаны 

Во исполнение указания министра внутренних дел РК генерал-лейтенанта полиции...