Бұзылған құқықтар қалпына келтірілді — бірінші басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы қаласында Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жұмыстары жалғасуда.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлеріне қатысты «Mediterra» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өтініш түсті.

          «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер — мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде жоғарыда аталған Департамент қызметкерлерінің іс-әрекеттерінде «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзу бөлігінде бұзушылық анықталды.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес медициналық қызметке лицензия беру әкімшілік жауапкершілік көзделген бірінші санаттағы рұқсат құжаты болып табылады.

Осыған байланысты Департамент басшысы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды және бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапкершілікке тарту туралы тиісті нұсқама енгізілді.

Бүгінгі таңда бұзылған құқықтар мен заңды мүдделер қалпына келтірілді, «Mediterra» ЖШС-не Медициналық қызметке лицензия берді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ерекше бақылауда.

Азбаева Жупархан Сулеймановна

Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша Департаментінің

бас маманы

Диагностиканың жаңа деңгейі: Қонаевта бактериологиялық зертхана ашылды

Қонаев қаласының көпсалалы ауруханасында заманауи бактериологиялық зертхана өз жұмысын...

Новый уровень диагностики: в Конаеве открылась бактериологическая лаборатория

В Многопрофильной больнице города Қонаев начала работу современная бактериологическая...

Су қорының жері жекеменшікке берілмейді

         Алматы облысы жер ресурстарын басқару департаментінің жауапкер «AL-agro...

ПРЕЖДЕ ЧЕМ СКАЗАТЬ «ДА», НУЖЕН ЛИ БУДУЩИМ СУПРУГАМ «СЕМЕЙНЫЙ ПРАВОВОЙ МИНИМУМ»?

Семья начинается с чувств. Ответственность за семью должна начинаться...

Безопасность на дорогах — обязанность ответственных организаций

Специализированным межрайонным административным судом Туркестанской области рассмотрено дело, касающееся...