Жұмысқа қабылдау жәрмеңкесі!

“Бірінші кезектегі мәселе – жастарды жұмысқа тарту”. Ағымдағы жылдың 20-шы маусымында “Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Apec Petro Technic жоғары колледж» ЖШС-де бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Осыған байланысты Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті #79 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлері және мекеменің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары түзеу мекемесіне қажет, яғни бақылаушылар қызметі бөлімінің бақылаушысы және діни білімі бар түлектерді бос лауазым бойынша жұмысқа шақыру жұмыстарын жүргізді. Мекеме қызметкерлері үміткерлерге қойылатын талаптарды, жұмысқа қабылдау шарттары мен тәртібі жөнінде айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...