Қызметте бас қосқан жұптар

Біздің ҚАЖ саласында қызметте болу өте күрделі. Соған қарамастан қызметкерлеріміз отбасы беріктігін сақтап, үлгі көрсетіп келеді. Өйткені мамандарды жұмысқа қабылдар алдында, жеке әңгімелесу өткізіп, адамгершілік-моральдік тұрғыдан артықшылық қасиеттеріне де, аса ерекше мән береміз.

Жас отбасылар мен көпбалалы отбасыларға әрдайым қолдау көрсетіп отырамыз. Қызметкерлеріміздің жанұя жарасылымдылығы олардың қызметтерінде сабырлы болып, емін-еркін жұмыс жасауына мол мүмкіндік тудырады. Сондықтан болар, ҚАЖ саласындағы бірге жұмыс жасайтын жұптар отбасы беріктігіне жауапкершілікпен қарайды. Соның бірі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің корпусшысы әділет аға сержанты Сәбит Асқаров пен әділет аға лейтенанты Нұркен Жансая. Бүгінде бұл отбасы бір қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған жанұя. Бір қызметте бас қосып, отау құрған бұл жұптың татулығы мен ынтымағы берік жандар. Келесі кезекте, әділет лейтенанты Дулат Нұрыллаев пен жолдасы режим бөлімінің бақылаушысы әділет аға сержанты Әбдамит Гүлзада екеуі 2017 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қызметте де өмірде де бірге қол ұстасып келе жатқан бұл жұп қазіргі таңда екі ұлдың ата-анасы және бақытты отбасы.

Келесі отбасылық жұп 68 мекемесінің режим бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Саруаров Ануар мен әділет аға сержанты Нағашыбай Нұрсұлу. Бұл жұптың ерекшелігі екеуінің ерекшеліктері мен ұқсастықтары арқылы көзге түскен. Қызметте сыйлы және абыройлы бұл отбасы жақында ғана шаңырақ көтерген. Жақын арада қош иісті сәбидің ата анасы атанбақ.

Тергеу судьясының өкілеттіктері

Мамандандырылған тергеу соттары жалпы юрисдикциядағы соттардан тәуелсіз сот органы...

Профилактика перегрева в летний период: советы врача-гериатра по сохранению здоровья в жару

Жаркое лето для многих становится настоящим испытанием, особенно для...

Ата Заң – айбынымыз

Ата заң – мемлекеттің негізгі әрі ең жоғары заңы....

СОТ АШЫҚТЫҒЫ — ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАСЫ

Қазіргі заманғы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуының басты...

Медиация және татуластыру рәсімдері – дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімді тетігі

Қоғамдағы құқықтық қатынастардың дамуына байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар...