Қазақстан Республикасының Қылмыстық — атқару кодексінің 123-бабының негізінде Елордалық #3 мекемесінде Астананың құрылыс техниқалық колледжі жұмыс істейді. Бүгінгі таңда колледжде 40 сотталған, 20 адам тігінші мамандығы бойынша және 20 адам газ дәнекерлеушіге оқиды. Осы екі мамандық бойынша мекеме бас бостандығынан айыру орындарында жазасың өтеу кезінде жұмысқа орналасуға кепілдік береді. 2024 жылдың 15 маусымында оқу жылының соңында #3 мекеменің оқу аумағында Құрылыс техниқалық колледжінің оқытушылары Құрылыс техниқалық колледжінде сотталған студенттермен емтихандық іс-шаралар өткізді. Көп ұзамай орта техникалық білім туралы диплом алған сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін осы мамандықтар бойынша жұмысқа орналаса алады.